National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді

2013 жылғы 23 мамыр

 

Кездесуге БҰҰ Бас Ассамблеясы 67-ші сессиясының төрағасы В.Еремич, БҰҰ Экономика және әлеуметтік кеңесінің төрағасы Нестор Осорио, Фиджи аралдары республикасының сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі, Қытай және77 тобның төрағасы Р.Кубуабола, БҰҰ Бас хатшысының экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У.Хунбо, БҰҰ ЮНКТАД сауда және даму жөніндегі конференциясының бас хатшысы С.Панитчпакди, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Еуропа экономика комиссиясының атқарушы хатшысы С.Алкалай және БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған экономика және әлеуметтік комиссиясының бас экономисі және директоры Н.Кумар қатысты.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның БҰҰ бөлімшелерімен және агенттіктерімен ынтымақтастығының негізгі перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференцияны өткізу жөніндегі бастамасының негізгі қағидалары қарастырылды. Оның аясында әртүрлі елдердің өкілдері әлемдік реформалар жоспарының жобасын талқылайтыны көзделген. Бұл болып жатқан жаһандық оқиғалар тұрғысынан алғанда дер кезіндегі қадам болып саналатыны атап өтілді.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымына Астанада осындай маңызды және жауапты іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін ризашылығын білдірді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің