National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның алқалы жиынына қатысты

2016 жылғы 08 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық адам құқықтары күніне арналған іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов, Бас прокурор Ж.Асанов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Н.Шимомура, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысы Т.Христеа, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Д.Сабо қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті демократиялық институттарды, БАҚ-ты дамыту, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – тәуелсіз Қазақстанның дамуының маңызды шарттары деп көрсеткенін айта келе, оның адам құқықтарын қорғау саласында барлық азаматтық қоғам институттарымен сындарлы және әріптестік ынтымақтастық орнатуға ерекше мән беретінін жеткізді.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуы қарсаңында адам құқықтары саласындағы мәселелерді талқылау айрықша өзекті екенін айтты.

Отырысқа қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңдарында кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру мәселелері талқыланды.

Алқалы жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасының, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттардың құқық қорғау тетіктерін жетілдіру мен адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы ерекше маңыздылығын атап көрсетті. Талқылау барысында сөз сөйлеген халықаралық және отандық сарапшылар Қазақстандағы құқық қорғау тәсілдеріне оң баға берді.

Соңында Мемлекеттік хатшы БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы, Астанадағы Еуропалық Одақтың өкілдігі мен ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисі сияқты халықаралық институттарға, сондай-ақ үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарына адам құқықтарын қорғау саласындағы сындарлы ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің