National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Гвинея Республикасының Президенті Альфа Кондемен кездесті

2017 жылғы 10 қыркүйек

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті бүкіл ислам әлемі үшін маңызды екенін атап өтті.

– Өкінішке қарай, біздің елдеріміз арасында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнамаған. Біз осы бағытты дамыта түсуіміз қажет. Сіздің Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті екеніңізді білемін және оған қуаныштымыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Гвинея Республикасының Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің