National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығы құрметіне арналған мерекелік торт кесу рәсіміне қатысты

2013 жылғы 06 шілде

«Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында өткен салтанатты рәсімге сонымен қатар мектеп олимпиадалары мен спорт жарыстарының жүлдегерлері,  балалар үйінің тәрбиеленушілері, оқу озаттары, елдің барлық өңірінен келген дарынды және қабілетті өрендер қатысты.

Елорданың 15 жылдығы құрметіне балалар мерекелік концерт әзірлеп, онда еліміздің республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары, сондай-ақ Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның жас бишілер ұжымдары өнер көрсетті.

Іс-шараға қатысушы жас өрендерге арнаған сөзінде Қазақстан Президенті Астананың соларға арнап салынғанын атап өтті.

– Астана небәрі 15 жасқа толды. Бұл қала сендердің қатарластарың деуге болады, сендермен бірге ол өсіп-өркендей береді. Ержеткен соң сендер елордамыздың құрылысын жалғастырасыңдар, ол бұдан да көрікті бола түседі. Қалада жетекші оқу орындары, демалыс орындары орналасқан, айналасында «жасыл белдеу» орнатылған. Осының барлығы сендердің бақытты болашақтарың үшін жасалды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңынан Мемлекет басшысы баршаға табыс, бақыт және игілік тіледі. 

Мерейтойлық торттың салмағы 600 килодан астам, 4х4 өлшеміндегі төртбұрышты пішінде. Оның жиегін айналдыра Астананың көрнекті нысандары мен сәулетті орындарының кескініндегі әшекейлер қойылған, ал ортасына биіктігі 1,2 метрлік «Бәйтерек» монументінің мүсіні орнатылған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2026 жылғы 30 наурыз

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің