National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Н.Назарбаев пен Ф.Олланд «Сорбонна-Қазақстан» институтының ашылу рәсіміне қатысты

2014 жылғы 06 желтоқсан

 

Қазақстан мен Франция Президенттері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында құрылған «Сорбонна-Қазақстан» институтының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 

Мемлекет басшысы бұл шараға француз көшбасшысының қатысуы білім беру саласындағы осы бірлескен жобаның екі ел үшін де маңызы жоғары екенін білдіретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне кірікпейінше, инновациялар мен білімге негізделген жаңа экономика құра алмайтынын да атап өтті.

– Біздің елімізде білім дамудың басымдығы бар шарты болып саналады. Қазақстан оны әлемдік озық стандарттарға жақындатуды көздейді. Біз жастарымыздың болашаққа батыл қарауына мүмкін беретін барлық білім мен машықты өз елінде игере алатындай болуын мақсат етіп отырмыз. Әлемге аты танымал университеттердің елімізге келуі біздің таңдаған бағытымыздың дұрыстығын көрсетеді, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Франсуа Олланд мәдениет және білім беру саласындағы қазақ-француз ынтымақтастығы бұдан әрі де кеңейе беретіндігіне тоқталды. Сондай-ақ жаңа ЖОО түлектері Қазақстанның инновациялық дамуына елеулі үлес қоса алатындығына сенім білдірді.

«Сорбонна – Қазақстан» институты «Париж қаласының Сорбоннасы» (PRES Sorbonne Paris Cité) Жоғары білім ғылыми орталығының әлемдегі екінші және Орталық Азиядағы бірден-бір филиалы болып отыр. Ондағы білім беру үдерісі Болон конвенциясына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан мен Францияның профессорлары сабақ береді.

Бірлескен институттың ашылуы отандық білім беруді елдің жоғары білікті мамандарға деген сұранысын қамтамасыз етуге бағыттаудағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің