National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

2017 жылғы 09 маусым

Мемлекет басшысы Г.Бердімұхамедовке Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.  

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аяқталып, оның қорытындысы бойынша ұйым қатарына екі жаңа мемлекет – Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Бүгінде ШЫҰ дегеніміз – бұл 4 ядролық держава, адамзаттың тең жартысы және әлем экономикасының 30%-ға жуығы, – деді Мемлекет басшысы.

Түрікменстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі зор екенін атап өтті.

– Осындай іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы өте қызықты және көрме аясындағы көптеген мәселелер елдеріміз үшін маңызды. Солардың қатарында экология мәселесі де бар, – деді Түрікменстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Г.Бердімұхамедов Түрікменстан Президентінің биылғы сәуір айында Қазақстанға келген сапарынан кейін екіжақты қатынастарды дамытудың оң қарқыны байқалып отырғанын атап өті.     

Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Қазақстан Президентін биылғы қыркүйек айында Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарын тамашалауға шақырды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің