Мемлекет басшысы елорданың сулы-жасыл желекті бульварында Astana Art Fest фестивалінің алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің идеясын айшықтайтын «От энергиясы», Су энергиясы» және «Ауа энергиясы» тақырыптық аймақтарын аралап көрді.
Фестиваль алаңында Франция, Германия, Нидерланд, Италия, Испания, АҚШ, Ресей және Қазақстан суретшілерінің жұмыстары мен инновациялық инсталляциялар қойылды. Сонымен қатар, балаларға арналған шығармашылық шеберлік сыныптары, театрландырылған көше қойылымдары және болашақтың энергиясы туралы қызықты әрі интерактивті формада әңгімелейтін оқу семинарлары ұйымдастырылды.
***
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен бірге лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады.
Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда хореографиялық қойылымдар өтті, сондай-ақ симфоникалық оркестр қазақ халық музыкасы шығармалары мен классикалық композицияларды қазіргізаманғы мәнерде орындады.
Шоу барысында судан жасалған экранда түрлі елдердің тілінде қала күніне арналған құттықтаулар көрсетілді, ал су доғасы мен субұрқақтарда заманауи жарықты-лазерлік технологияны қолдану арқылы Астананың кескіні жасалды.