National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада салынып жатқан классикалық опера және балет театрында болды.

2012 жылғы 29 маусым

Театр ғимараты эллинизм, маньеризм және барокко элементтерінің классикалық стилінде салынған. Жобаның авторлары грек-рим және қазақтың ұлттық сәулет өнерінің дәстүрлері арасындағы балансқа қол жеткізуге тырысқан.

Таға пішіндес 1250 орынға арналған көрермендер залы итальян стилінде жасалған. Оның акустикасын Германия мамандары жасады, оған ағаш және латуньннан жасалған панель төселеді, сондай-ақ сәндік әшекейлермен безендендірілетін болады. Ал 450 көрерменге арналған партердің айналасына бельэтаж орналастырылады. Оркестрдің отыратын орны 120 музыкантқа есептелген.

Дайындық жүргізу үшін үлкен екі және шағын алты зал, сондай-ақ қосымша 11 шағын дайындық залдары қарастырылған. Сондай-ақ театрда хор мен балет топтары үшін жеке дайындық жасауға арналған залдар бар. Жаңа театр ең заманауи сахналық және жарық беретін жабдықтармен жабдықталған.


Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін «Астана айналасындағы мыңжылдық» атты көшпелілер өркениеті фестивалінің экспозициясымен танысты. Бұл бүгінде көшпенділер өркениетіне арналған, осындай түрдегі әлемдегі жалғыз іс-шара. «Астана айналасындағы мыңжылдық» жобасы қарама-қайшылықтар бірлігін - қала мен дала мәдениетін, өткен мен бүгінгіні, еуразиялық көшпенділер өркениетінің ерекшелігін көрсетуге шақырады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің