Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен және оны толық жоспарлау жобасымен танысты. Қазақстан Президентіне сол жағалаудағы құрылыс алаңы 1532 гектар жерді құрайтыны, соның ішінде аумағы 500 гектар жерге бірінші кезекте құрылыс жүргізілетіні жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сол жағалаудағы құрылыстың эскиздері мен инвестициялық жел телімдерінің сызбасын көрді. *** Жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана, 320 балаға арналған балабақша, музей мен студенттер қалашығы салынады.