Мемлекет басшысы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Астананың Орталық саябағы аумағында салынған жаңа қонақ үйдің макетімен танысып, оның бір бөлмесін аралап көрді. «The St. Regis Astana» қонақ үйінде 120 бөлме бар. Оның ішінде жеке террасасы бар және саябақ пен өзенге қараған 23 люкс бөлме орналасқан. Сондай-ақ, қонақ үйде қазақстандық және шетелдік суретшілердің заманауи өнер туындылары қойылған.