National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Ұлытау» аллеясы мен «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне барды

2018 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы Есілдің сол жағалауындағы жаңа аллеяны аралап көргеннен кейін, «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алдына жиналған Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихындағы қилы кезеңдердің халық жадында сақталуының маңыздылығын атап өтті.

– Бүгін елордада көріп отырған жетістіктеріміздің бәріне 20 жылдың ішінде қол жеткіздік. Астананы салуға бүкіл Қазақстан атсалысты, басқаша болуы да мүмкін емес еді. Сондықтан біз бұл мерейтойды барлық облыстардың қатысуымен, кеңінен тойлап жатырмыз. Еліміздегі азаматтардың бәрі өздерін жайлы сезініп, жақсы өмір сүргенін қалаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елімізді одан әрі ілгерілету ісінде халқымыздың бірлігі айрықша маңызды екенін айтты.

– Біз бірлігімізді сақтап, бір-бірімізге құрмет көрсетуіміз керек. Мен барша жұрттың Қазақстанда өмір сүріп, еңбек етіп, өсіп-өркендегенін қалаймын. Ең бастысы – тату қарым-қатынасты сақтай білу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің