National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Энергия тиімділігі орталығына барды

2018 жылғы 16 қазан

Елбасы орталықтың жұмысымен танысты. Оның негізгі міндеті – баламалы энергетика технологиясын көрсету және тұрғын үйлерді ыстық сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін оны пайдалана білуге үйрету.

Орталықтың ғимараты күн панелдерімен, газ поршенді станциямен, геотермальді жүйемен, сондай-ақ жел генераторларымен жабдықталған. Мұнда Қала тіршілігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженерлік желілеріне мониторинг жүргізу орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Облыстық ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімінің аппараты орналасып, жұмыс жүргізуде.

Нұрсұлтан Назарбаев енгізілген жаңалықтарға оң баға беріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылған «жасыл» технологияларды тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімі Қазақстан Президентіне облыс орталығының даму барысы, сондай-ақ Ақтөбе агломерациясын, «SmartCity Ақтөбе» жүйесін және қаланың қоғамдық кеңістігін құру жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімдеді.

Соңында Елбасы Ақтөбе қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің