National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Көне Тараз» музейінде болды

2015 жылғы 08 қазан

 

Қазақстан Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Археологиялық саябаққа барып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты «І-ХІХ ғасырлардағы ежелгі Тараз» ескерткішінің аумағын «Көне Тараз» тарихи-мәдени археологиялық саябағына айналдыру болып саналады.

Сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша биыл қалашық аумағындағы нысандар құрылысының аумақтық шекаралары нақтыланып, қазба жұмыстары кезінде табылған тұрғынжайлардың орны анықталды. Табылған экспонаттар мен жәдігерліктер қатарында теңгелер, қыш бұйымдар, қыш құбырлар арқылы жүргізілген ежелгі сумен қамтамасыз ету жүйесі және орта ғасырдағы басқа да заттар бар. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің