National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қашаған» кен орнын игеру процесіне қатысты түсініктемесі

2013 жылғы 27 маусым

 

Астана маңында «жасыл белдеуді» дамыту мәселесі жөніндегі кеңестің қорытындысына арналған брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Қашаған» кен орнын игеру бойынша жүргізілген жұмыс барысына түсініктеме берді.

– Бұл – күрделі кен орны, оған қазірдің өзінде 48 миллиард доллар инвестиция  тартылды. Жұмыс 13 жылдан бері жалғасып келеді. Маусымның соңында біз Атырауда құрылысы 2006 жылы басталған «Болашақ» зауытын іске қосу туралы жария етеміз. Осы өнеркәсіп кәсіпорнында өндірілген мұнай күкірттен, газдан тазартылады, тек содан кейін экспортқа шығарылады. Қазақстан – Қашаған кен орнын  игеру жөніндегі жобаға қатысушы ірі тараптың бірі. Егер акционерлердің біреуі өз үлесін сатамын деп шешсе, онда бұл қалыпты құбылыс. Бірақ бұл мәселеде Қазақстанның рұқсаты қажет болады, еліміз оны сатып ала алады немесе сатып алу құқын өзге инвесторға бере алады. Қазір жұмыс процесінде қарастырылып жатыр. Жақын уақытта ол табысты аяқталады деп ойлаймын, –деді Нұрсұлтан Назарбаев.   


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің