Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысына облыста жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасының жобалары көрсетілді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев технологиялық жабдықтар өндіретін жаңа зауыт құрылысының барысымен танысты. Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты жылу-энергетикалық кешен, құрылыс индустриясы мен металлургия кәсіпорындарына арналған өнімдер шығаруға мамандандырылған. Оның жабдықтары Қазақстанмен қатар алыс-жақын шетелдерде сатылады.