Елбасы Астананың сол жағалауында орналасқан «Жасыл квартал» тұрғын үй кешеніне барып, қалада жайлы өмір сүруге мүмкіндік туғызатын экологиялық шешімдермен танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақтелеком» және «Қазпошта» акционерлік қоғамдары көрсететін жаңа қызмет түрлерінің жұмысы таныстырылды. Атап айтқанда, олардың қатарында гибридті банкоматтар, электрондық кассир, почтамат және сәлемдеме жөнелтілімдері супермаркетінен тұратын цифрлы офис қызметі, сондай-ақ дрондар, post.kz мүмкіндіктері бар. *** «Жасыл квартал» кешені экологиялық құрылыс талаптарына сай салынған. Бұл – LEED жүйесі бойынша халықаралық сертификаттауға сай жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы жоба.