Мемлекет басшысы «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қаржысына салынған жаңа Өнер орталығын аралап көрді. Қазақстан Президентіне облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өнер орталығының қызметкерлерімен кездесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі. *** Өнер орталығындағы бірегей концерттік зал 1200 адамға арналған. Орталықта көпшілік қатысатын іс-шаралар мен шығармашылық концерттер өткізілетін болады.