Қазақстан Президенті «Медеу» мұз айдынының және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының жөнделу барысымен, сондай-ақ алдағы қысқы Универсиада аясындағы жарысты ұйымдастыру жұмыстарымен танысты. Қала әкімі Мемлекет басшысына мұз айдыны мен тау шаңғысы курортының кешенді жаңғыртылу үдерісі мен нәтижелері, сондай-ақ олардың болашақта пайдаланылу перспективалары туралы баяндады. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік кластерін одан әрі дамыту жөнінде мәлімделді.