Қазақстан Президенті мұз алаңын қарап шығып, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Илин бастаған облыстағы жетекші спортшылармен әңгімелесті. Жалпы аумағы 8 мың шаршы метрге жуық спорт кешені 3 блоктан – мұз айдыны, ойын залы және жекпе-жек залынан тұрады. Қазіргі заман талаптарына сай келетін мұз алаңының салынуы өңірде хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек тәрізді қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.