National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени нысанда болды

2013 жылғы 22 қараша

 

Нұрсұлтан Назарбаев республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш болып саналатын «I-XIX ғасырлардағы Тараз» қалашығы археологиялық қазба жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Қалашықты зерттеу жұмыстары биыл цитадель мен шахристан орнын қазуға жұмылдырылды. Зерттеу жұмысы жалпы алаңы 2550 шаршы метрді қамтыды.

Көне қалашық аумағына археологиялық жұмыстар жүргізу барысында көптеген жәдігерліктер табылды. Қазіргі кезде керамиканың тек өңделген фрагменттерінің саны 33 мың данадан астам, олардың 107-сі тұтас сақталған. Сондай-ақ, 33 монета, әйнектен жасалған 26 бұйым, сүйектен тұратын 5 жәдігерлік табылды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 350 жылдығына арналып салынған Төле би Әлібекұлы ескерткішіне гүл шоғын қойды. Монументтің жалпы биіктігі – 10,5 метр.

Ескерткіш алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарымен де әңгімелесті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің