National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қалалық көп салалы балалар ауруханасында болды

2012 жылғы 29 маусым

Ауысымына 250 келушіге арналған консультативтік-диагностикалық емханасы бар көп салалы балалар ауруханасы маңызды әлеуметтік жоба болып табылады. Ол қаланың балаларына стационарлық хирургиялық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

56 мың шаршы метр алаңға орналасқан кешен 8 блоктан тұрады. Ол 350 орынға арналған. Хирургиялық мамандықтардың барлық спектрін бір стационарға біріктіру бұл нысанның негізгі ерекшелігі болып табылады.

Қазақстан Президенті еліміздің денсаулық жүйесін дамытудағы табыстарды атап өтті.

- Мемлекет медициналық саланы дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Осының арқасында қазақстандықтардың орташа жасы бес жылға артты. Бұрындары еліміз халқының арасында жүрек-тамырлары жүйесінің ауруы бірінші тұратын. Қазір біз Қазақстан көлемінде барлық түрлері бойынша жүрекке 10 мың операция жасаймыз. Сонымен қатар, мен мықты онкологиялық орталық құру міндетін қойдым. Ол онкологиялық аурудың санын азайтуға мүмкіндік береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысына жедел травматологиялық пункті таныстырылды. Қабылдау-диагностикалық бөлімнің құрамында қабылдау-байқау және изоляциялық-диагностикалық бокс қарастырылған. Балаларға арналған кең де жайлы бөлмелер қарастырылып, балалардың аналарымен бірге тұруы үшін жақсы мүмкіндіктер жасалған. Қазақстан Президенті сондай-ақ үздік әлемдік өндірушілердің заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтарын қарап шықты. Диагностикалық және емдеу процесін жаңғыртуда балаларға хирургиялық көмек көрсету қажет. Атап айтқанда, диагнозын анықтау, хирургиялық араласу, ерте сауықтыру және қалпына келу үшін кезең бойынша емдеу керек.

Инновациялық технологияны ендіру емделушілердің ауруханада болу мерзімін 40 пайызға қысқартады. Бұл балаларды емдеудің нәтижесін едәуір жақсартады, сондай-ақ бала кезінен мүгедектікті және өлім деңгейін төмендетеді. Аурухананың мамандары Оңтүстік Корея, Израиль, Австрия, Литва, Беларусь және Ресей елдерінде оқып келген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің