Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында жаңа ғимаратты аралап көріп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту бағдарламасы аясында салынған балабақша қызметімен танысты. Мемлекет басшысына сондай-ақ қаланың әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандарының құрылысы туралы баяндалды. Қазақстан Президенті мекеме ұжымымен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесу кезінде елімізде қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Осындай жобалар үшін мемлекет жер береді, коммуникацияларын қамтамасыз етеді, жол салады. Ал бизнес нысанның құрылысына қаражат салуы керек. Мемлекет пен жекеменшік сектордың ынтымақтастығы осы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. *** Жалпы алаңы 3,5 мың шаршы метр болатын, 216 орындық балабақша мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын азайту жобасы аясында салынған.