Қазақстан Президенті елдің орнықты дамуы мемлекеттік саясаттың арқасында қамтамасыз етіліп отырғанын атап айтты. – Еңбек еткісі келетіндер үшін қалада да, ауылда да барлық жағдай жасалған. Республиканың барлық облыс орталықтары түрлене түсті, аудан орталықтары жүйелі дамып келеді. Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаражат бөлуде. Бұл салада өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, сәйкесінше, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен негізгі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы мақсат елімізді әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу екенін атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына бақ-береке және табыс тіледі.