National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті

2014 жылғы 19 тамыз

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Алматы облысы елдегі ең ірі өңірлердің бірі екеніне, онда республика халқының жалпы санының 16 пайызы тұратынындығына тоқталды.

 - Сондықтан облысқа мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінеді. Өңірге айтарлықтай көлемде субсидиялар бөлінуде. Бұл өз нәтижесін беруде. Денсаулық саласының және басқа да салалардың дамуы нәтижесінде халықтың жалпы өмір жасының ұзақтығы 71 жылға жетті, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанына қарамастан, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстарының қарқыны жеткіліксіз екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы облыстың кейбір аудандарында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көмек алған кәсіпкерлердің саны аз екендігіне назар аударды. Осыған байланысты ол халықты маңызды мемлекеттік бағдарламаларға тарту тұрғысынан жергілікті билік жұмысының тиімділігі жеткілікті деңгейде емес екенін айтты.

Қазақстан Президенті Ақсу, Балқаш және Қаратал аудандарында Индустрияландыру картасы аясында бірде-бір жоба іске аспағанын да атап өтті. Мемлекет басшысы мұндай жағдайдың себебі облыстық әкімдік жұмысының әлсіздігінен болып отырғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты айта келіп, аграршылардың қолда бар ресурстарды пайдаланбайтынын және жаңа технологияларды енгізумен айналыспайтынын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы салалары бойынша сұранысқа талдау жүргізуді, басымдығы бар бағыттарды анықтауды және саланы дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бөлінген жер учаскелерінің қолданылуының мақсатқа сәйкестігіне тексеру жүргізу қажеттігін тағы да атап айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығының жеткілікті дамымауы себепті  соңғы 4 жылда облысқа импортталатын тауарлар көлемі 432 миллион доллар болғанын, бұл экспорттан 3 есе көп екендігін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы импорттың денін құрайтын тауар түрлерін анықтап, оны қысқарту үшін жұмыс жүргізуді тапсырды.

Қазақстан Президенті сумен қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударды. Атап айтқанда, бөлініп отырған қаражатқа қарамастан облыстың 212 ауылы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.

Мемлекет басшысы өңірде туризмді дамыту жайына тоқталып, айналасында туристік инфрақұрылым қалыптастыру мүмкіндігі бар екі көлдің – Балқаш пен Алакөлдің елеулі әлеуетін  бизнесмендер пайдаланбай отырғанын атап өтті.

Соңында  Мемлекет басшысы өңірді дамыту үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек жасалып жатқанын айтты. Өз кезегінде жергілікті билік органдары тұрғындарды жұмыспен қамту, баспана құрылысы, денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамыту мәселелеріне баса ден қоюға тиіс.  

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев айтылған ескертулердің бәрін ескеруді, ал Үкіметке әрбір бағыт бойынша алдағы қадамдарды анықтауды, Президент Әкімшілігіне барлық мәселелерді өз бақылауына алуды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің