National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «УПНК-ПВ» ЖШС-да болды

2016 жылғы 16 наурыз

 

Мемлекет басшысы мұнай коксын қыздыратын зауыт жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен «Павлодар» арнаулы экономикалық аймағының жұмысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті кәсіпорын жұмысшыларымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы елдің индустриялық дамуындағы өңірдің елеулі рөлін атап өтті.

– Павлодар – Қазақстанның қуатты өнеркәсіп орталығы. Сіздер жұмыс істейтін өндірістің маңызы өте зор, өйткені ол осында өндірілетін өнімді сырттан импорттаудан құтқарды. Енді оны өзіміз экспорттаймыз. Электролиз зауыты өзіміздегі мұнай коксы арқылы жұмыс істейді, ал сіздер осындай алдыңғы қатарлы кәсіпорында еңбек етесіздер. Қазақстанды индустрияландыру дегеніміз – осындай кәсіпорындар салу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті электр энергетикасында көмір қолданатын біздің ел үшін ауаға тарайтын зиянды заттарды тазарту және экологияны сақтау аса маңызды мәселе екенін де айтты.

***

«УПНК-ПВ» ЖШС құрылысы Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын өнімін қазіргі кезде Қазақстан электролиз зауыты тұтынады. Алдағы уақытта өнімнің бір бөлігін Ресей мен Қытайға экспорттау жоспарланған.

Қазіргі уақытта «Павлодар» АЭА аумағында 4 кәсіпорын жұмыс жүргізуде, тағы 8 жоба жүзеге асырылудың түрлі кезеңінде тұр. Таяу арада бірқатар жаңа нысандарды, соның ішінде агрохимиялық өнімдер, жағармай материалдары өндірістерін, сондай-ақ химия-металлургия кешенін іске қосу жоспарланып отыр. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің