Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы кәсіпорында қолданылатын өндіріс технологиясымен танысып, көрме залына қойылған өнім үлгілерін көрді.
Қазақстан Президентіне кәсіпорынды дамыту жобалары, соның ішінде Сәтбаев қаласындағы индустриялық қызмет көрстеу комбинаты мен «Астана – жаңа қала» АЭА» аумағында құрылып жатқан және «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне қатысуы көзделіп отырған «ҚазТексЭкспо» автоматтандырылған өндірістік кешені таныстырылды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков Жезқазған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.
«Қазақмыс» ЖШС басқарма төрағасы Э.Огай Мемлекет басшысын кәсіпорынның қызметі мен даму перспективалары туралы хабардар етті. Ол мемлекеттің қолдауы арқасында корпорацияның минералдық-шикізаттық базасын кеңейтуге, сол арқылы Жезқазған өңіріндегі кенішті пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндігі туғанын айтты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын еңбеккерлерімен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС түрлі сала жұмысшылары үшін компьютерлік технология мен графиканы қолдана отырып, арнаулы киім дайындауға мамандануда. Фабрика цехтарында тігетін, пішетін, кесте тігетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы басқарылатын жабдық бар. Кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын инновациялық жобалау, нанотехнологияны қолдану үдерістері, ғылыми-қолданбалы әзірлемелер енгізілуде.