Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласына келді. Мемлекет басшысының мұнай саласы өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында телекөпір ұйымдастырылып, ірі нысандардың жұмыс барысы таныстырылады және мұнай-газ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ірі мұнай компаниялары жетекшілерімен кездесуін өткізу көзделіп отыр.