National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

2019 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысына металды мырыш, тазартылған қорғасын, алтын мен күміс, катодты мыс сияқты шығарылатын өнімдердің тізімі ұсынылды. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 305 мың тонна мырыш, 168 мың тонна қорғасын, 70 мың тонна мыс, 47 тонна алтын және 1440 тонна күміс өндіруге қауқарлы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстан түсті металлургиясының флагманы және ірі экспорттаушысы екенін атап өтті.

– Сіздердің кәсіпорындарыңыз Өскемен мен бүкіл Шығыс Қазақстан облысының бюджетін қалыптастыруға және әлеуметтік саласын дамытуға зор үлес қосып келеді. «Қазцинк» өз жұмысшыларына көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға атсалысады. Бұл – бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің және өңірдің барлық тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға деген ниетінің дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымына бақ-береке және табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің