National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті

2019 жылғы 13 мамыр

Мемлекет басшысы цифрландыру бағытында білім беруге басымдық беретін колледждің жобалармен танысты. 

Елімізде алғаш рет ғимараттардың пішінін үш өлшемді 3D модельдеу әдісімен жобалай алатын кешен осы ақпараттық технологиялар колледжінде іске асырылған. Мамандар бұл технологиямен жұмыс істеу үшін 3 ай Финляндияда оқып қайтты. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына STEM білім беру бағдарламасы таныстырылды. STEM академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамасы – нақты өмір үлгісінде оқытатын интеграцияланған оқыту әдісі. 

– Қазіргі кезде сапалы білім беру және қажетті мамандықтар бойынша оқыту аса маңызды. Колледждерде білім берудің жаңа мазмұнын енгізу жұмыстарын алғашқылардың бірі болып сіздердің өңірлеріңіздің бастағаны қуантты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысына өңірде цифрландыру бағдарламасы аясында қолға алынған «Ашық әкімдік», «SmartUralsk», «IkomekUralsk» жобалары таныстырылды. 

Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев колледж студенттерімен әңгімелесіп, білім саласын қолдау ісі жалғаса беретінін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің