National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады

2017 жылғы 28 маусым

Қазақстан Президенті кездесуде облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде «Бурабай» курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады.

Елбасы курорттық аймаққа келушілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтін бағалардың жоғары екенін атап өтті.

– «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген туристер келді, соның ішінде шетелдіктер де бар. Бірақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшін жақсы жағдай жасаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты.

М.Мырзалин Қазақстан Президентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің