National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасын аралап көрді

2015 жылғы 02 сәуір

 

Нысанда Елбасыға өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы туралы  баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ аурухананың жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Қазақстан Президенті бұл аурухана жаңа ғимаратта орналасқанын, заманауи құралдармен жабдықталғанын атап өтті.

– Көп нәрсе енді сіздерге байланысты. Егер өз жұмыстарыңызды сапалы атқарып, қолда бар жабдықтардың мүмкіндігін толық пайдаланатын болсаңыздар, халық денсаулығын жақсартуға зор үлес қосасыздар. Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр, Қазақстан жан басына шаққанда бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі жөнінен дамыған елдер деңгейіне таяп келеді. Республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Халық отандық медицинаға сенім арта бастады, ал көрші елдердің азаматтары емделу үшін бізге келетін болды, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев медицина қызметкерлеріне табыс және бақ-береке тіледі.

Аурухана қызметкерлері Қазақстан Президентіне республикада денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

***

320 төсектік аурухана «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Мекеме халықаралық стандартқа сай бой көтеріп, заманауи диагностика және емдеу құралдарымен жабдықталған.

Аурухана құрылымындағы 29 бөлімшенің 5-еуі (эндокринология, отоларингология, урология, қан тамырлары хирургиясы, гипербориялық оксигенация) облыстағы бірден-бір бөлімше болып саналады. Бүгінде мұнда 104 дәрігер (соның 55-і біліктілік санаттарына ие), 283 орта медициналық білімі бар мамандар жұмыс істейді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің