Нысанда Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті облыста халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалғанына тоқталды. Атап айтқанда, әлеуметтік және спорт нысандары, баспана, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандары салынып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев осы шаралар өңір экономикасының өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін айтты. *** Немістің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған фабриканың өндірістік қуаты жылына 22 мың тонна кондитер өнімін шығаруға лайықталған. Кәсіпорында 119 адам жұмыспен қамтылған.