National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «MEGA-2» сауда-ойын-сауық орталығының жаңа ғимаратында болды

2013 жылғы 28 қазан

 

Қазақстан Президенті жалпы аумағы 77800 шаршы метрден астам 3 деңгейлі заманауи орталықты қарап шықты. Сауда-ойын-сауық орталығында 1000 орындық амфитеатр, сондай-ақ түрлі арт-инсталля́циялар орналасқан.

Ғимаратты қарап шыққаннан кейін Мемлекет басшысы БАҚ өкілдері үшін Алматыға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.    

– Өңірлерде, атап айтқанда, Алматыда болғанымда, мен адамдардың толыққанды тіршілігі және қаланың тиімді дамуы үшін қажетті жаңадан салынған көлік және әлеуметтік нысандарды қарап шығамын. Ол анағұрлым көрікті әрі тіршілікке қолайлы бола түсуде. Басты проблема – экологиялық мәселе болып қалуда  – автокөлік көбеюде, кептелістер мен бөгелістер пайда болуда. Көлік жолайрықтарын, жаяу жүргіншілер өткелдерін салу Алматының көлік проблемаларын шешуге бағытталған. Тек соңғы жылдары ғана 13 жол айрығы салынды. Келешекте бұл цифр 20-ға жетіп, оларды салу одан әрі жалғасын табады. Барлық салынған нысандар қаланы көрікті етіп, оны заманауи қалаға айналдырады, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық боксшылардың әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын алуымен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл Қазақстан боксының зор табысы екенін, оның еліміздегі спорттың осы түрінің кеңінен таралуына оң ықпал ететінін атап өтті.           

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің