National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына сапары аясында батырымды насостар шығаратын зауытта болды

2013 жылғы 16 қыркүйек

Қазақстан Президенті кәсіпорынның қызметімен және өндірісті ұлғайту жөніндегі жоспарларымен танысты.

Жоба зауыт өнімдерінің өндірісінде пайдаланылатын компоненттер мен жинақтаушы  өндірісті толық оқшаулауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Заманауи жабдықтармен жабдықталған кәсіпорынның құны – 12 млн. еуро, оның жобалық қуаты – 2500 дана батырымды насос.

Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысына облыста іске қосылған индустриялық-инновациялық және көлік-логистикалық бірқатар жобалар таныстырылды.

Атап айтқанда, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚО) өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатына негізделген қызметтің толық топтамасын ұсынады. Ашылған 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бері КҚО-ға әртүрлі мәселелер бойынша 16 мыңнан астам кәсіпкер өтініш білдірген.

«Шымкент инновация» компаниясының қызметі инновациялық жобаларды дамытуға және инвестиция тартуға бағытталған. Биыл «Шымкент инновация» компаниясы облысқа 3 күн электр стансасы, 3 жел электр стансасы және 15 шағын су электр стансаларының құрылысын, жаңартылған энергия көздерін дамыту саласын қоса алғанда 420 миллион доллар инвестиция тартты.

Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталық 200 мың шаршы метрлік қойманың, сауда және әкімшілік кеңселерінің басын біріктіреді. Онда өнімді өңдеу, сұрыптау, буып-түю аймағы қарастырылған. Мыңға жуық жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз ететін жоба Беларусь пен Ресейдің логистикалық орталықтарымен серіктестік орнатуға негізделген. Орталықтың экспорттық қуаты жылына 700 мың тонна өнімді құрайды.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің