Қазақстан Президенті негізгі міндеті жастардың өзекті мәселелерін шешуге көмек көрсету болып табылатын мекеменің қызметімен танысты. Орталықта жастарға арналған қоғамдық қабылдау, жастарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету орталығы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне волонтерлер корпусын даярлау жөніндегі облыстық штаб, заң көмегін көрсету орталығы, жас кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы, оқытуға және біліктілікті арттыруға көмек көрсету орталығы, тұрғын үй проблемасын шешуге көмек көрсету орталығы орналасқан. Сондай-ақ, әрбір жас азаматқа арналған мынадай қызмет көрсету түрлері қарастырылған: жұмысқа орналастыруға көмектесу, оқытуға және біліктілікті арттыруға көмектесу, тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу, заң және психологиялық көмек көрсету, мемлекеттік тілді үйрету курстары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі.