National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі 1-Жылу электр орталығында болып, қала жұртшылығымен кездесті

2013 жылғы 25 маусым

Қазақстан Президентіне 1-Жылу электр орталығын одан әрі қайта құрылымдау жөніндегі жұмыс және оның өндірістік қуатын арттыру жоспарлары туралы хабардар етілді.

1934 жылы пайдалануға берілген жылу электр стансасында 2011 – 2012 жылдары қайта құрылымдаудан өткен 2 бу қазандық агрегаты орналастырылған. Қазіргі уақытта жаңа бу қазандығын орнату үшін ғимаратты одан әрі жаңғырту жүргізілуде.

Қала жұртшылығы өкілдерімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Семейдің мемлекет назарынан ешқашан тыс қалмайтынын, сондай-ақ қалалықтардың өмірін жүйелі түрде жақсарту жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

– Мен қалаларыңызға келгенде, маған сіздер жылуға қатысты қиындықтар барын айттыңыздар. Ол кезде Семейде 140 қазандық станса жұмыс істейтін, олардың түтінінен бүкіл қала зардап шекті. Қазіргі уақытта, 37 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінгені арқасында, оның 24 миллиард теңгесі Жылу электр орталығын қайта құрылымдауға бағытталды, қалада көптеген проблема кешенді түрде шешілуде. Сонымен қатар, жылу электр стансасын жаңғырту сол жағалаудағы жылумен қамту мәселесін толық шешті және тұрғындар жылуға қатысты ешқандай проблеманы сезінген жоқ, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қосымша қаражаттың медицина және білім беру мекемелері құрылысына және қала жолдарын жөндеуге де бағытталғанына тоқталды.

– Қазір жаңа аурухана салынуда, зияткерлік мектеп салынатын болады. Мемлекет тарапынан қаланы дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Ең негізгі көрсеткіш – бұл тұрғындар саны. Бұл көрсеткіш азайған жоқ, жоспарлы түрде артуда және қазірдің өзінде 300 мыңнан астам адамға жетіп отыр. Бұл өмірдің жақсара түскенін, адамдардың қайта оралып, осында тұрғылары келетінін білдіреді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Қазақстан Президенті «Семей инжиниринг» броньды техникалар жөндеу зауытын жаңғырту мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бергенін және жаңа отандық өндірісті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың жалғаса беретінін де айтты.

Қаланың жұртшылығы өкілдері Мемлекет басшысына Семейді дамыту мәселесіне көңіл бөліп отырғаны үшін алғыстарын жеткізіп, мемлекет қабылдаған шаралар қала тұрғындарының игілігі мен олардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталатынын атап өтті.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің