National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «Проммашкомплект» ЖШС-да болды

2014 жылғы 06 тамыз

 

Қазақстан Президенті өндірістік корпустарды аралап, дөңгелектер мен жол ауыстырушы өнімдер өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты. Мемлекет басшысына сондай-ақ теміржол белтемірлері мен дөңгелек жұптарын, рельстік байланыстардың пластикалық элементтерін, темірбетонды діңгектер құрау өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Павлодар вагон жасау кәсіпорнының жұмысын қамтамасыз ететін «Проммашкомлект» өнімдері сұранысқа ие екенін атап өтті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысы дамыған энергетикалық саласы бар қуатты индустриялық өңір болып саналатынына назар аударды және өңір экономикасының монобағдарлылығын өзгертетін жаңа индустриялық нысандар салудың қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті жаңа өндірістерге жастардың келуін атап өтті.

- Мұнда жастар жаңа мамандық алады, жұмысқа орналасады, осының бәрі түпкі нәтижеде елдің және халықтың игілігі үшін жасалуда, - деді МЕмлекет басшысы.

«Проммашкомплект» ЖШС 2012 жылы құрылған, теміржол жабдықтары мен құрамдауыштарының өндірісімен айналысады. Өндірістік қуаты жол ауыстырғыштың 1000, қосалқы жиынтықтың 2 000, крестовиндердің 1000, теміржол дөңгелегінің 48 200 данасын құрайды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің