National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтөбе-орталық» ЖШС-ның көлік-логистика орталығында болды

2015 жылғы 03 сәуір

 

Мұнда Мемлекет басшысына орталықтың жұмысы таныстырылды және онда сақталатын өнім түрлері көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені мен бизнестің өзге де салалары өкілдерімен әңгімелесіп, облыстың орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан нарықтық экономикалы ел болғандықтан, біз отандық өнімдердің жартысын бизнес өндіргенін басты мақсат етіп отырмыз. Бұл үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады, «Бизнестің жол картасы-2020» арнаулы бағдарламасы жұмыс істейді, негізсіз тексерулер тоқтатылды. Кәсіпорындарды тіркеу үдерісі жеңілдетілді. Мемлекет енді сіздердің тараптарыңыздан өнім көлемін ұлғайтуды, жұмыс орындарын ашуды, салық төлемдерін, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім жасауды және жаңа технологияларға инвестиция салуды күтеді, – деді Қазақстан Президенті.    

Соңында Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға табыс және бақ-береке тіледі.

Орталықтың қуаты 17 мыңнан астам паллеторынға лайықталған. Оның аумағы – 4.7 га, қоймаларының алаңы – 12 400 шаршы метр.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің