Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты. Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды. *** Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай нормативтік мүмкіндігі бойынша сағатына 200 жолаушы өткізе алады. Аэровокзал ғимаратының жалпы алаңы – 2 400 шаршы метр.