National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын жүзеге асыру барысымен танысты

2014 жылғы 01 қазан

 

Елбасына жобаны жүзеге асыру барысы туралы кеңінен баяндалды. Жобаға сәйкес, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын астық терминалын, сондай-ақ  негізгі жүктер мен контейнерлерге арналған, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын екі терминал салу есебінен порттың жүк ауыстырып тиеу мүмкіндігін жылына 19,5 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде порттың жалпы алаңы 22 гектарға ұлғаяды. Құрылыстың бірінші кезеңін 2014 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Каспий теңізіндегі порттың,  транскаспийлік бағыттың және Маңғыстау облысының көлік торабының инфрақұрылымын дамыту турасында баяндалды.

Сонымен қатар, еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның  теңіз қақпасы ретіндегі маңызы өсе беретін портқа мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты.

- Астраханьда өткен саммитте Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары тарапынан Каспийдің экологиясын сақтау және осы су қоймасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын көптеген жайттар шешілді. Осының бәрі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және ол бүкіл Каспий маңы өңірінің әрі қарайғы дамуына  серпін береді,- деді Мемлекет басшысы.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің