Мемлекет басшысы киноконцерт залының жаңа ғимаратын аралап көрді, сондай-ақ экологиялық таза көлік түрлерімен, Алматы қаласын және Индустриялық паркті одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев Алатау ауданының тұрғындарымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті ауданның түрлене түскеніне, қарқынды дамып, халқының саны өскеніне назар аударды. Қала тұрғындары елді инфрақұрылымдық тұрғыдан жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, Алматының одан әрі дамуына көңіл бөлініп отырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыстарын айтты. *** Құрылысы 2014 аяқталған «Алатау» киноконцерт залы 790 орынға лайықталған. Мұнда тағы 150 және 100 орындық 2 кино залы, әмбебап компьютерлік зал, 2 дәмхана және әртістерге арналған орынжайлар кешені орналасқан.