Қазақстан Президенті компанияның 5G, толықтырылған шынайылық және жасанды интеллект технологияларын пайдалануға негізделген телекоммуникация саласындағы жаңа жетістіктерімен танысты. Кәсіпорындарды, көлікті алыстан басқаруға, хирургиялық оталар жасауға арналған бұл әзірлемелерді басқа да салалар мен бағыттар бойынша қолдануға болады. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанда 5G технологиясының сынақтан өткізілуі және оны іс жүзінде қолданудың перспективалары жөнінде баяндады.