Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейі атап өтілді, сондай-ақ қаржы-инвестициялық, сауда-өнеркәсіп пен ынтымақтастықтың өзге салаларындағы алдағы іс-қимылдың мүмкін боларлық жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, кездесуде Еуропалық одақ елдерінің өзекті халықаралық жағдайы контекстегі саяси және экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерді еңсерудің келешегі мен мәселелері талқыланды. Жак Аттали – француз экономисі, ірі саяси қайраткер. Францияның бұрынғы Президенті Франсуа Миттеранның кеңесшісі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы басшысы болған. Жаһандану және экономикалық мәселелер саласындағы жетекші әлемдік теоретиктердің бірі. Көптеген кітаптың және ғылыми жұмыстардың авторы.