National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесті

2012 жылғы 21 қараша

 

Кездесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің стратегиялық деңгейін атап өтті және екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Франция Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі саналатынына тоқталды. Біздің еліміздің экономикасына Франция салған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 9 миллиард доллардан асады.

Қазақстан Президенті осы бағыттағы өзара іс-қимыл деңгейін одан да жоғарырақ көтеру қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан-Франция іскерлік кеңесі мен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын жандандыру қарастырылды.     

Мемлекет басшылары нақты экономикалық жобаларды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі бағдарламаның басымдықтары туралы айтты. Екі елдің байланысын нығайту үшін Астана мен Париж арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті біздің елімізді Франциямен білім, зерттеу және инновация саласындағы, соның ішінде жоғары оқу орындары деңгейіндегі ынтымақтастық қызықтыратынын атап көрсетті.      

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен әлемдегі ағымдық экономикалық жағдайдың дамуының негізгі үрдістерін қозғады.

Әңгімелесу барысында екі елдің басшылары жаһандық қауіпсіздіктің қазірде бар қауіп-қатерін бейтараптандырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, Ауғанстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы сөз болды. Тараптар бұл мәселеде ұқсас көзқараста екендіктерін көрсетті. Ауғанстан үшін де және барлық өңір үшін де іске асырылуы үлкен мәнге ие нақты ұсыныстар әзірленді. 

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Франция басшысын Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізген брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландпен кездесуі қазіргі кездегі стратегиялық серіктестік туралы шартты ескере отырып, келешекте байланыстар мен ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында өткізілгенін атап өтті.

- Біз 27 бірлескен ірі жобаны жүзеге асырамыз. Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 6 миллиард долларға жетті. Біз бұл жобаларды жүзеге асыру үшін «Назарбаев-Олланд» комиссиясы деңгейінде жыл сайынғы кездесуді жалғастырамыз. Мен экономикалық, саяси және гуманитарлық-білім беру салаларындағы біздің ынтымақтастығымыз екі елдің мүдделеріне сәйкес жалғаса береді деп ойламын, - деді Қазақстан Президенті.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің