National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

2012 жылғы 19 желтоқсан

Сессия барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жауапкершілігі аймағындағы халықаралық жағдайдың өзекті мәселелерін талқылады. Ауғанстандағы жағдайдың дамуына және осы елдің аумағыннан шығатын қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. Ұйымның өткен кезеңдегі қызметінің қорытындылары шығарылды және 2013 жылға арналған негізгі міндеттері анықталды.

Кездесуді аша отырып, Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясындағы тиімді және жемісті жұмысы үшін алғысын айтты.

Өз кезегінде, Мемлекет басшысы Ұйымға мүше барлық мемлекетке Қазақстан жария еткен қызметтің басым бағыттарын іске асыруға белсене қатысқандары және көмектескендері үшін ризашылығын білдірді.

- Қабылданған ұжымдық күш-жігеріміз біздің елдеріміздің айналасында қалыптасқан жағдайға байланысты ең талап етілген бағыттарға топтастырылды деп санаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында мемлекет басшылары Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы жағдайды талқылады.    

- Орталықазиялық бағытта есірткітрафигіне қарсы күресте, жедел реттеу ұжымдық күштерін нығайту мен жетілдіруде, әуе қорғанысына қарсы ортақ жүйені құруда біздің бірлескен жоспарымыз іске асырылуда. Қауіпсіздіктің көптеген қатерлері Ауғанстандағы жағдайға байланысты. Осы мәселені шешу үшін ҰҚШҰ көптарапты да, екіжақты да форматта ынтымақтастыққа дайын, - деді Қазақстан Президенті.

Отырыста халықаралық ұйымдармен ҰҚШҰ-ның ынтымақтастығын тереңдету мәселесі талқыланды.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан кез келген даулы мәселені шешу кезінде халықаралық құқық басымдығына сүйенетінін және БҰҰ-мен және өзге халықаралық құрылымдармен үйлестірілген жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

- ҰҚШҰ базасында төтенше жағдайларға ұжымдық реттеу жүйесін дамыту маңызды деп есептеймін. Біздің елдеріміздің тәжірибесі және әлемдік практика көрсеткендей, ТЖМ қызметкерлерінің дүлей апат кезінде құтқару операцияларын орындауы жиі кездеседі. Осындай жағдайда бір-бірімізге көмектесуіміз үшін арнайы топ құрып, оларды дайындап және арнайы техникамен қамтамасыз етуіміз қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл бағыт біздің еліміздің төрағалығының басты бағыттарының бірі болғанын атап өтті. Қазақстан бірлескен іс-қимылдар өткізу үшін ТЖМ «Шыңды қала Астана» оқу-жаттығу полигонын ұсынды.

Сонымен қатар, Ұйымның жедел реттеу ұжымдық күштері мен әскери-техникалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі бағыттары бойынша ҰҚШҰ қызметін ұйымдастыруға қатысты өзге мәселелер қарастырылды. 

Отырыстың қорытындысы бойынша Ұйымның әскери құрамдауышын дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда ұжымдық реттеу жүйесін қалыптастыру жөніндегі құжаттарға қол қойылды. Мемлекет басшылары 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды, сондай-ақ бірқатар өзге шешімдер қабылданды. 

Ұйым қабылдаған тәртіпке сәйкес, кезекті сессияаралық кезеңдегі төрағалық өз басымдығының тұсаукесерін жасаған Қырғыз Республикасына ауысты.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі отырысы 2013 жылы мамыр айында Бішкек қаласында өтеді.         


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің