Әңгіме барысында Кеден одағы елдері көшбасшылары,Украина және Еуропалық одақ өкілдері кездесуінің қорытындылары талқыланды. Екі елдің басшылары осы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтар Украинадағы ахуалды жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық және агроөнеркәсіптік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды. Сондай-ақ интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары да қозғалды.