Мемлекет басшысы халықаралық қаржы аймағының қызметімен және даму перспективаларымен танысты. Іс-шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. «Abu Dhabi Global Market» көптеген жергілікті және шетелдік қаржы ұйымдары жұмыс жүргізетін халықаралық қаржы орталығы болып саналады. ADGM аумағында жалпы ағылшын құқығы мен ағылшын тілі қолданылады.