Кездесуде корпорацияның қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, көмірді кешенді өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Бұдан бөлек, кездесу барысында өзара іс-қимыл перспективалары мен инвестициялық ахуалдың жағдайы қарастырылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда бизнес жүргізу үшін заңнама және келісімшарттар тұрақтылығы сияқты жайттарды қамтитын қолайлы жағдайлардың жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, елде индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында өндірістік секторға қолдау көрсетіледі. «Цинхуа» корпорациясы ҚХР-дың көмір өндіру, байыту, кокстеу және көмір химиясы жөніндегі ірі жекеменшік кәсіпорны болып саналады. 20 мыңнан астам адам жұмыс істейтін корпорацияның өндіріс орындары Қытайдың бірнеше өңірінде орналасқан.