National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесті

2020 жылғы 14 ақпан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Хосе Анхел Гурриамен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы байланыстардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізуге, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында аталған беделді ұйыммен белсенді ықпалдастықты жалғастыруға баса мән беретінін айтты.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Қазақстанмен арадағы көп жылғы табысты ынтымақтастығын жоғары бағалады. Хосе Анхел Гурриа Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне ерекше мән беріп, онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстары мен кеңестері ескерілгенін айтты.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің