National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті

2020 жылғы 15 ақпан

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі жұмыс сапарының екінші күні Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысы екі елдің мемлекетаралық байланыстарының достық сипатын және оның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара ынтымақтастықты нығайту үшін әлеуеттің жеткілікті екеніне назар аударды.

– Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында сенімді серіктеспіз. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі штаб-пәтері ашылды. Бұл да біздің өзара ықпалдастығымызға тың серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.   

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы қаңтарда «Жусан» гуманитарлық операциясын жүзеге асыру кезінде әскери-әуе базасын пайдалану мәселесін шешуге көмектескені үшін Кувейт үкіметіне ризашылық білдірді. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ықпалдастығының, соның ішінде құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, инвестиция және туризм салаларының әлеуеті зор екенін атап өтті.

Кувейттің Премьер-Министрі Қазақстанмен байланыстарды нығайтудың перспективаларына жоғары баға берді.

– Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, туристік бағыттарда ынтымақтастық орнату үшін үлкен әлеует бар, – деді Кувейт үкіметінің басшысы.

Шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Ол комиссияның алдағы уақытта өтетін 4-отырысында Қазақстан-Кувейт қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін жаңа әдістер әзірленетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің Премьер-Министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің